Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада адвокат 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Судья үкім оқып тұр
Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астанада адвокат бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегіні үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Адвокат өз қорғауындағы азаматтардың мүддесінде өкілдік ету барысында пайда табу мақсатымен бірнеше рет алаяқтық жасап, аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы жалпы 164,9 млн теңге қаражатын иемденген.

Сотталушы аударылған қаражаттардың өз жұмысы үшін ақысы ретінде алғандығы туралы алқабилерді сендіруге тырысқан, алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағандығын дәлелдеді", - делінген хабарда.

Қадағалаушы органның мәліметінше, алқабилер сотының үкіміне сәйкес сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған қоса қалалық прокуратура пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілгенін мәлім етті.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062481-astanada-advokat-11-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel