jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Кентауда ерекше балаларға арналған колледжде мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек берілген

Асхана
Асхана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кентау қаласындағы "Арнайы кәсіптік колледжде" оқитын 80 ерекше балаға мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек берілген. Бұл туралы Astana TV арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар кемшілікті анықтады. Бұл- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған еліміздегі жалғыз мекеме.

"Колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, студенттерге мемлекеттік қызметті тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды. Сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдаған фактілер болды.

Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтарды жою және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы бес прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және құзыретті органдарға енгізілді. Қазіргі таңда лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда", - деді облыстық прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Болат Жұмағалиев.

Сонымен қатар прокурорлар оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін, сондай-ақ, мұнда санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағанын да әшкереледі. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығына белгілі болғанына қарамастан тиісті шаралар қабылданбаған.

Кентауда ерекше балаларға арналған колледжде мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек берілген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.