Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 мың қазақстандыққа елден шығуға тыйым салынды

Опубликовано:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алимент төлемегені үшін 15 мың қазақстандық елден шыға алмайды, оның ішінде 6 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы 24.KZ деп хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Қазақстанда былтыр алимент төлемегені үшін 6 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 300-ге жуық іс сотқа жолданды.

Көбінесе қазақстандықтардың алимент төлемеуінің басты себебі - жұмыссыздық немесе мүлкінің болмауы.

"Сонымен қатар кейбір алимент төлеушілер нақты қаржылық мүмкіндіктері болса да балаларын асыраудан әдейі қашады немесе мүлкін жасырады.

Алимент өндіру бойынша сот орындаушылар барлық шараларды қолданады. Кей жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады", - дейді әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, алимент төлемеген 15 мыңға жуық азаматқа елден шығуға тыйым салынды.

Жақында Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062559-15-myn-qazaqstandyqqa-elden-syguga-tyiym-salyndy/

pixel