jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Көкшетауда ХҚКО бұрынғы қызметкері жалған төлем құжаттарымен шетелден келген көліктерді тіркеген

    Көліктер
    Көліктер. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері жалған төлем құжаттары шетелден келген көліктерді жаппай тіркеуді ұйымдастырған. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы ресми арнасында мәлім етті.

    Агенттік мәліметінше, "Азаматтарға арналған үкіметтің" Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы қызметкері екі азаматпен алдын ала сөз байласып, жалған төлем құжаттарымен алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай тіркеуді ұйымдастырған.

    Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.

    Жалған төлем құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

    Көліктердің бастапқы тіркеу алымы төленбеген соң мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады.

    Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайтынын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.