Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында адасқан тұрғындарды іздеуге шыққан полицейлер аязда үсіп қалған (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: Абай облыстық ПД

Абай облысында полицейлер адасып кеткен екі ауыл тұрғынын іздеуге шығып өздері де қар құрсауында қалып, үсіп қалған. Соған қарамастан адамдарды аман-есен тауып, ауылға жеткізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Абай облыстық ПД мәліметінше, оқиға 22 ақпанда болған. Түн ортасында "103" арнасының операторына Абай облысының Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адам көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түскен.

"Телефон соққан адамның айтуынша, әріптесімен бірге кешке қыстақтан Суықбұлақ ауылына шыққан. Жол бойында трактордың жанар майы қатып қалғанын және ер адамдар қайтып оралуға шешім қабылдағанын, алайда адасып кеткенін хабарлады. Кейбір жерлерде ұялы байланыс болмаған, кейінірек суықтан телефон да өшіп қала берген. Ер адамдар шұғыл қызметтерге мезгіл-мезгіл қоңырау шалып, қатты тоңғаныын хабарлады", - делінген ПД хабарламасында.

Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары дереу көмекке шақырылды. Адасып кеткен адамдардың қай жерде екенін білмегендіктен, іздеу қиынға соққан. Полицейлер трактор дөңгелектерінің ізімен іздеген.

"Полицейлердің өздері қар құрсауында қалған. Көлікті тастап, ауа температурасы -39 градуста өз өмірлерін қатерге тігіп, үсіп қалған полицейлер 2 километрден кейін тракторшыларды тапқан", - деп хабарлады облыстық ПД-дан.

Полицейлердің сөзінше, аяздан әлсіреген ауыл тұрғындарын қызметтік көлікке жеткізу де қиындық тудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062575-abai-oblysynda-adasqan-turgyndardy-izdeuge-syqqan-policeiler-ayazda-usip-qalgan-video/

pixel