Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз азамат": Алматыда суға батып бара жатқан күшікті құтқарған ер адамға жұрт риза болды

Опубликовано:

Ер адам күшікті құтқаруға кетіп бара жатыр
Күшікті құтқару сәті. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almata

Алматыда ер адам қаладағы мұз қатқан су бетіндегі ойыққа түсіп кеткен күшікті шығарып алды. Жануарды құтқару сәті түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін босатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-дағы Kris_p_almata парақшасы жариялаған видеода ер адамның суға түсіп кеткен күшікке жету үшін басын қатерге тігіп, оған мұз бетімен тізерлей отырып жеткені, оны судан алып шыққаны көрсетілген. Күртешесіндегі жазуға қарағанда, жануарды жергілікті энергия жеткізуші компанияның қызметкері құтқарып қалған.

Ал кадр сыртындағы дауыстан ер адамдардың тоңып қалған күшікті жіберемей, алып келуін айтып жатқаны естіледі. Сондай-ақ олар әкімдік күшікті құтқарған адамды марапаттайды деп әзілдескен.

Жануарды құтқару сәтінде түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларын да елжіретті.

"Бұл ерлік әрі өте мейірімді іс! Жасаған жақсылығы екі есе қайтады! Жарайсың, басқа айтарым жоқ! Нағыз азамат!", "Үлгі болатын іс", "Не деген ерлік! Күшік тым кішкентай екен", - деп жазған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062593-nagyz-azamat-almatyda-suga-batyp-bara-zatqan-kusikti-qutqargan-zigitke-zurt-riza-boldy-video/

pixel