Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сейсмикалық жаттығулар кезінде жер сілкінді (фото)

Опубликовано:

Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу
Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтті, оған қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Таңғы сағат 10-да еліміздің барлық қаласында дабыл қағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сейсмикалық дайындық кезінде алматылықтар жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда болған. Алматыда екі балдық жер дүмпуі сезілді.

NUR.KZ тілшісі Алматыдағы ЖОО-лардың біріндегі студенттермен бірге сейсмикалық дайындыққа қатысты. Дабылды естіген студенттер бірден ғимараттан шығып, университетке жақын стадионға жиналды.

Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу
Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орын - бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық аумақ. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға дабыл сөмкесінің болуы керектігін үнемі еске салады.

Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу
Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда адамдарды қабылдайтын 384 пункт жұмыс істейтін болады. Олар - уақытша тұруға, тіркелуге, зардап шеккен халықты негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етуге және қауіпсіз аймақтарға көшіруге арналған.

Пункттер туралы толық ақпарат іздеу жүйесіне "зардап шеккен азаматтарды қабылдау пункттері" деген сөздерді жазған кезде 2GIS картасында, сондай-ақ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдігінің ресми сайттарында бар.

Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу
Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сейсмологтардың айтуынша, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін төмен балдық жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін қалыпты болып саналады.

Сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде құтқарушылар төтенше жағдай кезінде қалай көмек көрсететінін көрсетті.

Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу
Алматыда өткен сейсмикалық оқу-жаттығу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062600-almatyda-seismikalyq-zattygular-kezinde-zer-silkindi-foto/

pixel