Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көліктерді заңсыз тіркеген: "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері Көкшетаудағы жағдайға байлансты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
әдемі нөмірлер
Мемлекеттік нөмір таңдап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Көкшетауда шетелден келген көліктерді жалған құжат арқылы рәсімдеді деген ақпарат бойынша түсінік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көкшетауда жалған құжат арқылы шетелден келген автокөліктерді тіркеуге қатысты алаяқтық схеманы анықтау шараларын Мемлекеттік күзет қызметі аппараты жүргізгенін хабарлады.

"Осылайша 2023 жылғы мамыр айында Көкшетау қаласының арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізді. Тексеру барысында Күзет қызметі көлік құралдарын тіркеу алымының төленгені туралы мәліметтерді тексермей, жалған түбіртектерді тіркеу фактілерін анықтады.

Тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, олармен бірлескен іс-шаралар жүргізілді. Бұл факті туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ 2023 жылғы 12 қазанда бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады", - деп хабарады мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

Мемлекеттік корпорация мәліметінше, Қауіпсіздік қызметі құқықбұзушылықтарды анықтау үшін жүйелі түрде ішкі аудит жүргізеді. Егер олар анықталса, жиналған материалдар қосымша тергеу үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Көкшетауда ХҚКО бұрынғы қызметкері жалған төлем құжаттарымен шетелден келген көліктерді заңсыз тіркегенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062623-kolikterdi-zansyz-tirkegen-azamattarga-arnalgan-ukimet-okilderi-koksetaudagy-zagdaiga-bailansty-pikir-bildirdi/