Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде ұялы байланыс жүйесінде шектеулер болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Қазақстандықтарға 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірыңғай сағат белдеуіне көшуге байланысты ұялы байланыс жүйесінде шектеулер болуы мүмкін екені ескертілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Activ операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтің 19 қаңтардағы UTC +5 сағат белдеуіне өту туралы №20 қаулысына сәйкес 29 ақпанда сағат 23:00 (UTC +6) бастап 1 наурыз сағат 06:00 (UTC +5) дейінгі аралықта сервистердің жұмысындағы шектеулердің болуы мүмкіндігіне байланысты техникалық жұмыстар жүргізіледі.
"Қосымша сервистерге банктер, мемлекеттік сервистер және тағы басқа сияқты серіктестер жүргізетін уақыт белдеуін өзгерту бойынша техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екеніне ескертеміз.
UTC + 5 жаңа уақыт белдеуіне өтуге байланысты техникалық жұмыстар салдарындағы ықтимал шектеулерді болдырмау үшін Тарифіңіз бойынша төлемді алдын ала - ағымдағы жылдың 29 ақпанына дейін жүргізуді ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ отандық байланыс операторы компаниясының өкілдері абоненттік құрылғылардың кейбірі (смартфондар, планшеттер, М2М, модемдер және тағы басқа) аймақ туралы жаңартылған ақпарат дер кезінде келмеуі мүмкін екенін ескертті.
"Егер құрылғыңызда уақыт белдеуі ауыспаса, оны өзгерту қажет. iOS және Android құрылғыларында сағат белдеуін ауыстыруға арналған нұсқаулар бар", - деп хабарлады компаниядан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062644-biryngai-uaqyt-beldeuine-kosu-kezinde-uyaly-bailanys-zuiesinde-sekteuler-boluy-mumkin/