jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Полицей әжетханадағы даулы видеодан кейін қызметінен айырылды

Даулы видеодағы полицей
Даулы видеодағы полицей. Скриншот: instagram.com/kris.p.shym

Алматы облысында дәретханадағы даулы видеодан кейін полицей қызметінен айырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство видеороликтің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталғанын атап өтті.

"Аталған факт бойынша Алматы облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша аталған қызметкерлер жұмыстан босатылды, ал басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін даулы видео интернетте тарап кеткен болатын. Кадрда ер адамның камерасын қосып, дәретханаға кіріп келгені, ішінде ер адам мен полиция қызметкері бар екені көрінеді.

Видео авторы тәртіп сақшысынан қолында не бар екенін көрсетуді сұрап, видеоның үшінші кейіпкерінен неліктен ыдысқа зәр шығаруға мәжбүрлегенін сұрайды. Тәртіп сақшысы мұны жоққа шығарып, дәретханаға табиғи қажеттілік үшін келгенін айтады.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша қызметтік тергеу басталғанын түсіндірген. Кадрларда нақты не болғаны туралы сұраққа жауап ретінде департамент бұл мәселені зерттеп жатырмыз деп жауап берді.

Полицей әжетханадағы даулы видеодан кейін қызметінен айырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.