Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісі деген күдікті Польшадан экстрадицияланды (видео)

Опубликовано:

Ұстау сәті
Ұстау сәті. Фото: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Украина азаматы қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Польшадан Астанаға экстрадициялады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ол трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, басқарды деген күдікке ілінді.

Қадағалау органының мәліметінше, 2022 жылы бұл адам құрған қылмыстық топ Қазақстанда аса ірі көлемде психотроптық заттарды дайындау және сатумен айналысқан делінеді.

Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан асса, қара нарықтағы жалпы құны 1,5 миллиард теңге шамасында.

Осы қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері ұсталып, оның жетекшісі із-түссіз жоғалып кеткені, халықаралық іздеуге жарияланғаны баса айтылады.

2023 жылдың тамыз айында күдікті Польшадан табылды.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062671-transulttyq-uiymdasqan-toptyn-bolzamdy-zeteksisi-polsadan-ekstradiciyalandy-video/

pixel