Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздық тұрғынның үйін тінту кезінде 10 млн теңгелік заты бар канистр тәркіленді

Опубликовано:

10 млн теңгелік есірткі
10 млн теңгелік есірткі. Видеодан кадр: telegram.ru/#@POLICE_of_KZ

Полицейлер Тараз тұрғынының үйінен 10 миллион теңге тұратын үнді марихуанасын тапты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-арнасының хабарына қарағанда, есірткі сақтады деген күдікпен Тараз қаласының 50 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының 50 жастағы тұрғыны есірткі заттарын сақтап келгені үшін қамауға алынды. Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде сарай мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектесті. Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған" - деді ІІМ.

Жалпы салмағы 4 келі 604 грамм кептірілген үнді марихуанасы тәркіленген.

"Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Бұған дейін Жамбыл облысында полицейлер қораның төбесінен қойманы анықтаған болатын. Ол жерден табылған сөмкелерде 3 келіге жуық марихуана болған. Жергілікті бақташы есірткі сақтады деген күдікке ілінді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062692-tarazdyq-turgynnyn-uiin-tintu-kezinde-10-mln-tengelik-zaty-bar-kanistr-tarkilendi/

pixel