Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана тұрғыны подъезде заңсыз әрекет жасап жатқан жерінен ұсталды (видео)

Опубликовано:

Астаналық тұрғынның ұсталув
Астаналық тұрғынның ұсталуы. Скриншот: instagram.com/p/C3r5VqMA7qn/

Астана тұрғыны өз үйінің подъезінен ұсталды. Ол есірткі таратқан деген күдікке ілінді. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Астанада тұрғын үй кешенінің тұрғыны үйінің подъездерінде есірткі жасырып жүрген", - делінген Астана ПД-ның Instagram-парақшасында.

20 жастағы тұрғыннан 21 қаптама есірткі табылды. Ал оның пәтерін тінту кезінде полицейлер 5 қап галлюциногенді саңырауқұлақ, 20 қаптама марихуана және қаптау материалдарын тапты.

"Оның есірткі заттарын осындай жасырын орындар арқылы сатуды жоспарлағаны анықталды", - деді полиция.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау – мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062711-astana-turgyn-podezde-zansyz-areket-zasap-zatqan-zerinen-ustaldy-video/

pixel