Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бір ай бұрын жоғалған 16 жастағы қыз табылды

Опубликовано:

Қыз бейнесі
Қыз бейнесі. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Ақтауда тәртіп сақшылары бір ай бұрын жоғалып кеткен 16 жасар қызды тапты. Ол достарының үйінде болған деп, хабарлайды Маңғыстау облысының ПД-на сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызды криминалдық полиция қызметкерлері тапқан.

"Оның жағдайы жақсы, физикалық тұрғыдан сау, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ата-аналарын шақырды.

"Профилактикалық әңгіме жүргізіледі", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Еске салайық, бұған дейін үш апта бұрын Ақтауда жоғалып кеткен қыздың отбасы БАҚ арқылы қызына үйіне қайтуды өтінген болатын. Қыз 22 күн бойы байланысқа шықпағаны хабарланды. Анасының айтуынша, қызы бұрын-соңды жоғалып кетпеген және егер ол бір жерде қалып қойса, бәрі жақсы екенін әрдайым хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062719-aqtauda-bir-ai-buryn-zogalgan-16-zastagy-qyz-tabyldy/

pixel