Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иесі қаза тапты": Алматы облысында жеке тұрғын үй өртенді

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысы, Қарасай ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, ер адам қаза тапты. Үйдің төбе жабыны құлаған, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"25 ақпанда сағат 02:49-да Алматы облысы, Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округінде жалпы аумағы 68 шаршы метр болатын жеке тұрғын үйде өрт шықты. Салдарынан төбе жабыны құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жіберілді. Сағат 04:00-де өрт оқшауланып, сағат 05:03-те жойылды. Өрт орнында 1960 жылы туылған өмір белгілерісіз үй иесінің денесі табылды", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мамандар мәліметінше, өрттің болжамды себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062854-iesi-qaza-tapty-almaty-oblysynda-zeke-turgyn-ui-ortendi/