Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында дәмханаға барған 20-дан астам адам уланып қалды

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облысында дәмханаға барған 23 адам орталық аудандық ауруханаға түсті. Оның 15-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметіне сүйенсек, 23 ақпанда Бейнеу ауылында дәмхананың біріне барған 23 адам орталық аудандық ауруханаға жүгінгенін хабарлайды.

Жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жатқызылған. Оның ішінде балалар да, ересектер де және 19 апталық жүкті әйел.

Сондай-ақ сегіз адам үйінде ем қабылдап жатыр.

Бұл факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатқаны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062874-mangystau-oblysynda-damxanaga-bargan-20-dan-astam-adam-ulanyp-qaldy/