Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада екі көлік соғысып, жүргіншілер жолағындағы үш адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/zhaloby.astana

Бүгін Астанада екі көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Zhaloby.astana Instagram парақшасы жариялады.

Видеодан екі жедел жәрдем көлігін байқауға болады.

Видеода жол апаты 25 ақпанда күндіз Иманов пен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында орын алғаны айтылған.

Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жол апаты фактісін растады.

"Иманов пен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында екі көлік арасында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан жаяу жүргіншілер өткелінде болған үш жаяу жүргінші зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062878-astanada-eki-kolik-sogysyp-zurginsiler-zolagyndagy-us-adamdy-qagyp-ketti-video/

pixel