Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вьетнамдық оқытушы қазақ тілін үйретіп жүр

Опубликовано:

Қазақ тілін үйретіп жүрген вьетнамдық
Қазақ тілін үйретіп жүрген Май Фам. Фотосурет: видеодан скриншот.youtube.com/watch?v=xd7w-L0dF6s

Вьетнамда қазақ тілін үйреніп жатқандар бар. Бір қызығы, оқытушы - сол жердің азаматы. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл елде қазақ тілін үйреніп жүргендермен қатар оны үйретіп жатқандар да бар. Солардың бірі – Май Фам. Ол Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болып, соның арқасында қазақ мәдениетіне қызыға бастаған. Мақсаты – Димаштың ана тілін түсіну, төл мәдениетіне терең бойлау. Бұл жайлы әншінің Алматыдағы концертінде дүйім жұрттың алдында қазақша мәлімдеген де еді.

Май 2021 жылы Қазақстаннан қашықтан оқытатын мұғалім тауып, қазақша үйрене бастапты. Димаштың Вьетнамдағы басқа жанкүйерлері дое бұдан кейін қолқа салыпты. Сөйтіп, кейінгі екі жылда Май тек вьетнамдықтар емес, әлемнің өзге де елдеріндегі қазақ тілін үйренемін деушілерге қашықтан сабақ беріп жүр.

"Қазақ тілін үйрену мені керемет бақытқа бөлейді. Осы тілді үйрету барысында оқушыларым ғана емес, мен де көп үйренемін. Олардың қойған сұрақтары менің көп ізденіп, оларға тұшымды жауап беруге ынталандырады. Вьетнам әліпбиі латынша, ал қазақ әліпбиі кирилше болса да, егер байқап отырсаңыз, екеуі бірдей-ақ. Олардың негізгі айырмашылығы әріптердің дыбысталуында. Ережелер, әрине, басқаша, бірақ бір жылға жуық уақыт үйренгеннен кейін қатты қиын болмайды", - дейді Май Фам.

Қазақ тілін үйреніп жүрген Лан Фам Тхи Хуонг былай дейді: "Мен Димашты жақсы көремін. Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Себебі оның не айтқанын түсінгім келді".

Тағы бір вьетнамдық Вьет Ле Туан: "Мен сабақтарды ұнатамын. Бір күні Қазақстанда қазақша сөйлей аламын деген үміттемін" десе, Клоуи Ле есімді тұрғын "Мен Лос-Анджелес қаласында тұрмын. Мұғаліміміз бар білгенімен бөлісіп жүр және сабақ беру арқылы өзі де жаңа дүниелерді үйренеді. Май секілді ұстазға шәкірт болғаныма өте қуаныштымын" деген пікір айтады.

Май оқу құралы ретінде Димаш туралы жазатын жаңалықтар порталын да қолданады екен. Себебі онда мәтіннің қазақ тіліндегі нұсқасынан бөлек, ағылшыншасы да бар. Салыстыра аударып үйренгенуге жақсы дейді вьетнамдық оқытушы.

Бұдан бөлек, сабақта қазақ тіліндегі субтитрлары бар видеоматериалдарды көрсетеді, дегенмен олар көп емес екен. Алда сондай видеолар көбірек болса деген тілегі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062921-vetnamdyq-oqytusy-qazaq-tilin-uiretip-zur/

pixel