jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Жамбыл облысындағы 300 орындық мектепте мыңға жуық бала оқуға мәжбүр (видео)

Кітапқа қарап отырған мектеп оқушылары
Кітапқа қарап отырған мектеп оқушылары. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысында мыңға жуық оқушы 300 орындық мектепте білім алуға мәжбүр. Мектеп үш ауысыммен жұмыс істейді, дегенмен сынып әлі де тапшы, деп хабарлайды "24KZ" телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Ойтал ауылындағы мектеп осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын салынған. Ол 300 орынға есептелгенімен, қазір мұнда мыңға жуық бала оқып жатыр.

Бұл мектепте көрші ауылдардың балалары да білім алады. Сондықтан көптен бері балалар үш ауысымда оқып келеді.

Мектепте физика, химия, информатика пәндеріне арналған арнайы кабинеттер жетіспейді. Бұл пәндер әдеттегі сыныптарда оқытылады. Мұнда кейбір сыныптар дәліздерді бөлу арқылы жасақталған.

"Егер сыныпта 25 оқушы болса, олар енді бұл жерге сыймайды. Парталар тақтаға тым жақын. Санитарлық талаптар бойынша бала тақтадан екі метр қашықта болуы керек", - дейді директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Ерзат Серіков.

Жергілікті тұрғындар мектептегі орын тапшылығы келесі оқу жылында шешіледі деп үміттеніп отыр. Ауылда 210 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталды.

"Егер бітпей қалған жағдайда, біз мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалуымыз мүмкін", - дейді мектеп директоры Берік Ахметбеков.

Жамбыл облысындағы 300 орындық мектепте мыңға жуық бала оқуға мәжбүр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.