Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл жастарының игі ісі: имамға көлік мінгізіп, қажылыққа жолдама алып берді

Опубликовано:

Көлік сыйлау сәті
Көлік сыйлау сәті. Фото: egemen.kz

Түркістан облысы Созақ ауылының жастары ақша жинап, ауылдық мешіттің имамы Сұлтанхан Рүстемовке жаңа көлік пен кіші қажылыққа жолдама алып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Egemen.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жиынға қатысқан ауыл әкімі, аудандық мәслихат депутаттары имамға қолдау көрсеткен тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Сұлтанхан Рүстемов дін саласында 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ауылдағы Шайхы Ахмет мешітінде имам болып қызмет атқарған. Ал жаңадан салынған Созақ ауылдық мешітіне имам болып былтыр тағайындалған екен.

Айта кетсек, созақтық жастар бұған дейін ортадан ақша жинап, ауыл көшелеріне жарықтандыру бағандарын орнатқан болатын. Сондай-ақ мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектер жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына үй салып береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062980-auyl-zastarynyn-igi-isi-imamga-kolik-mingizip-qazylyqqa-zoldama-alyp-berdi/

pixel