Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында полиция ұстау операциясын жүргізді: қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Қарақшылық жасаған күдікті
Қарақшылық жасаған күдіктінің ұсталуы. Видеодан кадр: youtube.com/watch?v=a4WqbCt9vO0

Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

24 ақпан күні күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау орындарының бірінде қарумен қорқытып, 792 мың теңге сомасында ақшаны иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ автокөліктер тексерілді.

"Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды", - деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.

Полиция департаменті жол қозғалысының жабылуына байланысты қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағаны үшін халыққа алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062987-qostanai-oblysynda-policiya-ustau-operaciyasyn-zurgizdi-qaraqsylyq-sabuyl-zasagan-kudikti-ustaldy/

pixel