jitsu gif
Оқыс оқиға

    Зауытта ширек ғасыр жұмыс істеген ақтөбелік 17 млн теңге өтемақы алатын болды

    Қолдағы ақша
    Тенге купюралары. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Ақтөбе тұрғыны зауытта ширек ғасыр жұмыс істеген. Мұнда ол қатерлі ісікке шалдыққандықтан, моральдық шығын ретінде 17 миллион теңге өтемақы алады. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Соттың ресми сайтында хабарланғандай, Ақтөбе қалалық сотында бұрынғы қызметкердің жұмыс берушіден моральдық шығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

    Іс материалдарынан анықталғандай, талапкер зауытта 25 жылдан астам шикізат дайындау операторы болып жұмыс істеген. Кейінірек еңбек шарты бұзылған.

    "Қызметкер зиян жағдайларда жұмыс істеген кезде ауруға шалдығып, толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды", - деп түсіндірді соттағылар.

    2021 жылы ер адамға қатерлі ісік диагнозы қойылған. Санкт-Петербургте жасалған ақылы ота нәтижесінде бір өкпесі алынып, екінші топтағы мүгедек деген диагноз қойылған.

    "Қызметкердің кәсіптік ауруына жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз, еңбекке қабілетін жоғалтуы 89 пайыз", - деп атап өтті соттағылар.

    "Ақтөбе қалалық сотының шешімімен жұмыс берушіден талапкердің пайдасына 17 миллион теңге моральдық шығын өндірілді", - делінген сот хабарламасында.

    Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.