Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда енді лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан болмайды

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгузі туралы" ҚР заңы қабылданды.

Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді", - Қаныбек Жұмашев дейді .

Орта білім беру комитетінің төрағасы бұл шешім неге негізделгенін де түсіндіріп өтті.

Біріншіден, бұл норма дайындық деңгейіні қарамастан, барлық типтегі және барлық балаға мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды. Бастапқы білімді игеруге танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірбиелер жойылады. Бұл жағдай баланың психо-эмоционалды жағдайын нашарлауты және оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Үшіншіден, конкурстық іріктеу нәтижелерін күткен ата-аналардың наразылығы азайтылады. Балаларды мектепке қабылдау рәсімінің қоғамдық резонансы болмайды.

"Бұл өзгерістер алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылдаған кезде енгізіледі", - деді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063008-qazaqstanda-endi-liceiler-men-gimnaziyalarga-birinsi-synypqa-qabyldau-kezinde-emtixan-bolmaidy/

pixel