Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әкесіз қалған балаларды туыс әпкесі мұрадан айырған

Опубликовано:

Полицей жауап алуда
Полицей. Көрнекі фото: polisia.kz

Алматы облысында әкесіз қалған екі баланы туыс әпкесі жалған құжатпен мұрадан айырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, балалардың үйі және екі жер учаскесі түріндегі мұрасын алимент бойынша қарызы бар қайтыс болған борышкердің туған әпкесі заңсыз иемденген.

"Азаматша Г. бұл заңсыз әрекетті қайтыс болған балалардың әкесінің мүлкіне билік етуге құқық беретін қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімін қолдан жасау жолымен жасаған. Балалардың құқығын қорғау және олардың болашағын қамтамасыз ету мақсатында берілген облыс прокуратурасының талабы негізінде заңсыз әрекеттердің күші жойылып, мүліктер балаларға қайтарылды", - делінген құзырлы орган хабарламасында.

Құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша жинақталған іс құжаттар процестік шешім қабылдану үшін полиция органына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063076-almaty-oblysynda-akesiz-qalgan-balalardy-tuys-apkesi-muradan-aiyrgan/

pixel