Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімі Әлия Назарбаеваның қоқыс шығаратын компаниясы туралы айтты

Опубликовано:

Әлия Назарбаева
Әлия Назарбаева. Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Бүгін тұрғындармен кездесуде Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке Әлия Назарбаеваның елордада қоқыс шығарумен айналысатын компаниясының жұмысы туралы сұрақ қойылды. Әкімнің айтуынша, келісімшарт мерзімі аяқталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл компаниямен келісімшарттың мерзімі аяқталады, компания бүгінде бүкіл қала бойынша жұмыс істейді. Келісімшарт 5-6 жыл бұрын жасалған. Биылдан бастап сәуір айының басында қаланы 5-ке бөліп, конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз. Тиісінше, қала мен қоқыс көлемі де екі есе ұлғайды", - деді Қасымбек.

Астана әкімі қоқыс шығаратын мердігерлер Астананың бес ауданы бойынша анықталатынын, оларда жеке техниканың болуы шарт екенін айтты.

Алайда бұған дейін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшысы Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайтынын мәлімдеген болатын.

Бұл ретте елорда тұрғындары аулаларынан қоқыстардың жүйелі түрде шығарылмағанына шағымданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063091-qasymbek-elordada-aliya-nazarbaevanyn-qoqys-sygaratyn-kompaniyasy-zumysyn-toqtatatynyn-aitty/

pixel