Астанада екі адам төбелеcіп, олардың бірі пышақ жарақатынан қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Астанада екі ер адам арасында жанжал болды. Жарақат салдарынан олардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Желіде оқиға туралы мәлімет тарады. Instagram желісіндегі astana_pokazhet паблиігінде оқиға орнында тұрған полицейлер мен жедел жәрдем көліктері тұрған видео жарияланды.
EGOV.PRESS Telegram-арнасы астананың Есіл ауданында Өзбекстан азаматтары арасында төбелес болғанын хабарлады.
"Жәбірленуші жамбас аймағына пышақ жарақатын алған. Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - деп жазады басылым.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне екі басылымд да бір оқиға туралы айтылғанын растады.
"Денсаулыққа зиян келтіріп, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полициядан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063107-astanada-eki-adam-tobelecip-olardyn-biri-pysaq-zaraqatynan-qaza-tapty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.