jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде сым телефон қолданатын 2,1 млн абонент қана қалған

Телефон
Телефон. Көрнекі сурет: pexels.com

Ұлттық статистика бюросы былтыр байланыс қызметінің көлемі 7,1 пайызға өскенін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бюроның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында байланыс қызметтерінің көрсетілген көлемі 1,2 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1 артық артық.

Негізгі байланыс қызметтері:

  • Интернет желісінің қызметтері – 556,7 млрд теңгеге (16,2 пайызға өскен)
  • ұялы байланыс қызметтері – 259,7 млрд теңгеге (4,1 пайызға төмендеген)
  • басқа телеком қызметтер – 247,3 млрд теңгеге (3,9 пайызға өскен)

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген телефон желілерінің саны 5,6 пайыз қысқарып, 2,1 млн абонентті құрады.

Ұялы байланыс абоненттерінің саны 12 айда 0,7 пайыз өсті.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда барлығы 25,2 млн ұялы байланыс абоненті болды. Тұрақты интернетті 3 миллион абонент (5,9 пайыз артық) пайдаланды.

Елімізде сым телефон қолданатын 2,1 млн абонент қана қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.