Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыстар тоқтатылды": Жеңіс Қасымбек Талдыкөлде құрылыс жүріп жатыр деген ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Талдыкөл
Астанадағы Талдыкөл. Фото: facebook.com/ACBK.kz

Бүгін, 26 ақпанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Талдыкөлде құрылыс жұмыстары басталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сарыарқы ауданы тұрғындарымен кездесуінде журналистер Жеңіс Қасымбектен Талдыкөлде жаңадан құрылыс жұмыстары басталғаны туралы ақпаратты сұраған.

"Ол жақта құрылыс жүріп жатқан жоқ. Асхат Ниязов (журналист - авт.еск.) бір ай бұрын шын мәнінде видео жариялаған. Шын мәнінде, учаскелердің бірінде, "бесінші учаске" деп аталып кеткен жерде қадаларды бітеуге байланысты жұмыстар жүріп жатқаны туралы фото және видео түсірілімі болды. Біз бұл учаскеде ендігі жұмыстарды тоқтатып қойдық. Болды, ешбір учаске бойынша тұрғын үй бойынша жұмыстар жүріп жатқан жоқ", - деп сендірді Астана әкімі.

Ол өткен жылы саябақты жобалау жұмыстары басталғанын еске салды. Қазір оған экобелсенділермен талқылаудан кейін, оның айтуынша, түзетулер енгізіліп жатыр.

Еске салайық, 2020 жылы Астана тұрғындары кіші Талдыкөлді құрғату жоспарына наразы болған.

Алайда содан кейін билік бұл туралы әңгіме қозғалмаған деп сендірді. Үлкен және Кіші Талдыкөл төңірегінде экопарк құру туралы шешім қабылданды.

Өткен жылдың шілде айында елордалық сот шағын Талдыкөлге қатысты шешім шығарды. Көлдің жартысы толтырылып, құрылыс жұмыстары жалғасады, ал екінші жартысы сақталады. Кейін Астана әкімдігі экопарк аумағында 600-ге жуық ағаш отырғызбақшы деп мәлімдеді. Сол кезде шенеуніктер болашақ саябақ қандай болатынын көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063117-zumystar-toqtatyldy-zenis-qasymbek-taldykolde-qurylys-zurip-zatyr-degen-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel