Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан ұшақ қайтарылды: рейс 12 сағатқа кешіктірілген

Жарияланған күні:

Ұшақ әуеде ұшып барады
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

26 ақпанда кешкісін Алматы – Шымкент бағытында FlyArystan компаниясының ұшағы ұшуы керек еді, бірақ ауа райының қолайсыздығынан ұшақ кері қайтарылды. Рейс 12 сағатқа кейінге қалдырылды. Бұл туралы әуекомпаниясы өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Flightradar24 сайтының мәліметінше, ұшақ кеше сағат 22:05-те Алматыдан ұшып шыққан. Алайда сағат 23:40-та ұшақ ұшу пунктіне келіп қонды.

Картаға қарағанда, ұшақ Шымкентке ұшып барып, сол жақтан кері бұрылған.

Ұшақтың бағыты бейнеленген карта
FlyArystan ұшағының ұшу траекториясы. Скриншот: flightradar24.com

FlyArystan өкілдері осы жайтқа пікір білдірді.

"Алматы Шымкент бағытындағы KS7105 рейсі Шымкент қаласындағы ауа райына (тұман) байланысты Алматыға оралды. Алдын ала ұшып шығу уақыты жергілікті уақыт бойынша 11:40. Әуекомпаниясы Шымкент әуежайы аймағындағы ауа райы болжамын үздіксіз бақылауда", - деді компания өкілдері.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, әуекомпанияның кінәсі болмаса да, бұл рейстегі жолаушылар ұшуды күту кезінде сусынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

"Бұған қосымша ретінде жолаушыларға орын болған жағдайда келесі рейске тегін қайта брондау немесе тариф ережелеріне сәйкес ақшаны қайтару мүмкіндігі ұсынылды.

Біздің өкілдер жолаушылармен бірге күту залында жүрді және барлық қажет көмекті көрсетілді. Ұшу қауіпсіздігі FlyArystan-ның басты басымдығы екенін еске саламыз", - деді FlyArystan өкілдері.

Сағат 11:32-де әуекомпания өкілдері NUR.KZ тілшісіне Алматы әуежайында рейске отырғызу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063238-almatydan-symkentke-usyp-syqqan-usaq-keri-qaitaryldy-reis-12-sagatqa-kesiktirilgen/