Бірыңғай уақыт белдеуіне өтуге байланысты намаз уақыты өзгере ме: ҚМБД мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
ҚМБД бірыңғай уақыт белдеуінің ауысуына байланысты намаз уақыты да өзгеретінін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚМДБ өкілдері 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгеретінін еске салды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілген:
Айта кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063265-biryngai-uaqyt-beldeuine-otuge-bailanysty-namaz-uaqyty-ozgere-me-qmbd-malimdeme-zasady/