Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық әкім болуымды сұрайды": шенеуніктің кабинетінде видео түсірген блогер жазаланды

Опубликовано:

Блогер
Блогер. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Жетісу облысында блогер ауыл әкімінің кабинетінде әзіл видео түсірді. Сот блогердің әрекетін бұзақылық деп таныды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видео 20 ақпанда Ескелді ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің кеңсесінде түсірілген екен. Ер адам видеода жұрттың өтінішіне қарамастан әкім болғысы келмейтінін, бұл оырнда уақытша ғана отыра алатынын мәлімдеген.

"Адамдар әкім болуымды сұрап жатыр. Мен болғым келмейді. Жолдастықпен ауысуыма болады, нұсқау беремін, ақылды сөздер айта аламын. Бірақ мен үнемі мұндай болғым келмейді. Қазір осында отырмын, өте қиын тапсырмалар керек. Президенттен түрлі қиын тапсырма келгенде, ол маған телефон соғады. Мен барлық жеке шаруамды тастап, осында келемін. Осылай отырып, жазамын. Адамдарды қабылдаймын, анда-мында жұмсаймын", - деген блогер видеода.

Сот ер адамның іс-әрекетін әкімшілік құқықбұзушылық деп таныды.

Бұл дерек бойынша іс Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Блогер өз кінәсін мойындады.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны полиция инспекторының құқықбұзушылық туралы хаттаманы тіркеу туралы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, процеске қатысушылардың жазбаша және ауызша түсініктемелерімен расталады.

Сот отырысында азамат өз кінәсін мойындап, соттан оны қатаң жазаламауды сұрады.

Сот ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады", - деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063275-xalyq-akim-boluymdy-suraidy-men-bolgym-kelmeidi-seneuniktin-kabinetinde-video-tusirgen-bloger-zazalandy/

pixel