Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қосшы, Ильинка немесе Үркер: Астанаға қандай елді мекендер қосылады

Жарияланған күні:

Күндізгі Астана
Астана. Көрнекі фото: akorda.kz

Бүгінгі брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жақын маңдағы Қосшы, Ильинка және Үркер ауылдары Астанаға қосыла ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Қаңтар айында қаланы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді, бекітілген құжаттар аясында нақты ресми мәлімдеме жасай аламын. Құжат бойынша Қосшыны Астанаға қосу жоспарланбаған", - деді Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, Астанаға басқа елді мекендерді қосу жоспарда жоқ. Дегенмен, елордаға жақын орналасқан Үркер мен Ильинкаға қатысты мұндай сұрақ туындауы мүмкін.

"Жалпы біз жақын маңдағы елді мекендер қалаға қосылады деп ойламаймыз. Әрине қалаға жақын, мысалы Ильинка мен Үркер сынды елді мекендер бар.

Бұл ортасын жол ғана бөлген бір ауыл. Үркерде Ильинка ауылының балалары оқиды, қазір Үркерде екі мектеп салып жатырмыз. Өйткені Ильинкада 30 мыңнан астам адам тұрады. Шын мәніде екеуі бір ауыл. Бәлкім, уақыт өте келе осындай сұрақ туындайтын шығар (қосу туралы – ред.еск.), бірақ әзірге ресми түрде мұндай құжаттар жоқ", - деді Қасымбек.

Еске салайық, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2035 жылға қарай Астана халқының саны 2,3 миллионға жетуі мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063321-qossy-ilinka-nemese-urker-astanaga-qandai-eldi-mekender-qosylady/