Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ахметжанов Ақмола облысында мас күйінде көлік жүргізген аудан әкімі орынбасары туралы пікір білдірді

Опубликовано:

көлік жүргізіп келе жатқан адам
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов министрлер кабинетінде өткен брифингте мас күйінде көлік тізгендеген Зеренді ауданы әкімінің орынбасары ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасарына тағы қандай шара қолданылатынын сұрады.

"Бұл азамат қазір әкімшілік қамауға алынды. Бостандыққа шыққаннан кейін оның мемлекеттік қызметте одан әрі қалу мәселесін шешу үшін комиссия отырысы өтеді. Өз басым (мұндай әрекетті - ред.еск.) құптай алмаймын", - деді әкім Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, мұндай жүргізушілер азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

"Мен бұған өте қатал қараймын. Менің ойымша, мемлекеттік қызметте мұндай адамдарға орын жоқ", - деді ол.

Еске салайық, 12 ақпанда Ақмола облысындағы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063336-axmetzanov-aqmola-oblysynda-mas-kuiinde-kolik-zurgizgen-audan-akimi-orynbasary-turaly-pikir-bildirdi/

pixel