Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әйелін қызғанған ер адам оны таспен ұрып, бетін пышақпен тілген

Жарияланған күні:

Читать на русском
Зорлық-зомбылық
Зорлық-зомбылық. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі әйелін соққыға жыққаны үшін сотталды. Ол келіншектің беті пышақпен тілген, деп хабарлайды Қылмыстық істер жөніндегі Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Іс материалдары бойынша ер адам Шымкентте азаматтық некедегі әйелімен пәтерді жалдап, бірге тұрған. Сонымен қатар жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны жиі ұрып-соққаны үшін ол тіпті әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қыркүйек айында әйел медициналық орталықта емделген. Сол кезде кезде ер адам көршілерінен әйелі басқа еркектермен сөйлесіп жүрді деп естіген.

Қызғаныштан ол медициналық мекемеге келіп, сыртқа әйелді шақырып, оны қолмен, аяқпен, тіпті таспен ұрған. Сонымен қатар пышағын шығарып сүйіктісінің бетін тілген. Кейін ол полицияға өз еркімен барған.

Көптеген дене жарақатын алған әйел №1 қалалық ауруханаға жатқызылып, ұзақ уақыт емделуге мәжбүр болған.

Ол азаматтық некедегі күйеуін кешірмей, қылмыстық іс қозғауды талап еткен. Ер адам Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленуші сот үкімі заңды күшіне енген кезде сотталған адамнан моральдық зиян мен материалдық шығынды өтеуді талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063346-symkentte-aielin-qyzgangan-er-adam-ony-taspen-uryp-betin-pysaqpen-tilgen/