Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған ер адам сотталды

Опубликовано:

судья
Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

Көкшетау қалалық соты бүйрегін заңсыз сатпақ болған Ақтөбе тұрғынына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ер азамат бүйрегін заңсыз сатуға әрекеттенгені үшін сотталды.

Ақтөбе қаласының К. есімді 25 жастағы тұрғыны өз бүйрегін сату мақсатында заңсыз мәміле жасамақ болған (ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 116-бабы 1-бөлігі).

"Сот оның әлеуметтік желіде ағзасын келісілген бағаға сату туралы хабарландыру жариялағанын анықтады. Ол полиция қызметкерлеріне өз еркімен көмек көрсеткен және өзін сатып алушы ретінде таныстырған азаматпен келісім жасаған кезде ұсталды", - делінген сот хабарламасында.

Жаза тағайындау кезінде сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде оның шын жүректен өкінетінін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

"Сот К.-ны 1 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті, сотталушы пробациялық бақылауға алынды", - деп атап өтті сот.

Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063359-koksetauda-buiregin-satpaq-bolgan-er-adam-sottaldy/

pixel