Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында тасжолда жүздеген көлік кептеліп қалды

Опубликовано:

Тоқтап тұрған көліктер
Тоқтап тұрған көліктер. Фото: ІІМ

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығынан 300-ге жуық көлік тасжолда тұрып қалды. Полицейлер оларға елді мекендерге жетуге көмектесті, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ мәліметінше, Жамбыл облысында боран, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр.

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тасжолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Қордай АПБ бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп, сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063382-zambyl-oblysynda-taszolda-zuzdegen-kolik-keptelip-qaldy/

pixel