Биыл Тараз қаласының шекарасы кеңейеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБиыл Тараз қаласының әкімшілік шекарасы кеңейтілмек. Осылайша қалаға жақын орналасқан екі елді мекен аумақтары қосылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, қала шекарасын өзгерту туралы шешімді депутаттар сегізінші шақырылған қалалық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясында қабылдады.
"Байзақ ауданының жалпы ауданы 1761,2 гектар және Жамбыл ауданының жалпы ауданы 11257,9 гектар жер бөлігі Тараз қаласының әкімшілік шекарасына қосылады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Сондықтан Тараз қаласының әкімдігі және Тараз қалалық мәслихаты өкілдері "Байзақ, Жамбыл аудандары аумақтарынан Тараз қаласы аумағына жер учаскелерін алу және Тараз қаласының шекарасын өзгерту туралы" бірлескен қаулысына қол қойды.
Бүгінгі таңда Тараз қаласы 11 аумақтық округке бөлінген. Қалада 429 мың адам тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063388-biyl-taraz-qalasynyn-sekarasy-keneiedi/