jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Биыл Тараз қаласының шекарасы кеңейеді

Тараз қаласы
Тараз қаласы. Фото: Тараз қаласы әкімдігі

Биыл Тараз қаласының әкімшілік шекарасы кеңейтілмек. Осылайша қалаға жақын орналасқан екі елді мекен аумақтары қосылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, қала шекарасын өзгерту туралы шешімді депутаттар сегізінші шақырылған қалалық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясында қабылдады.

"Байзақ ауданының жалпы ауданы 1761,2 гектар және Жамбыл ауданының жалпы ауданы 11257,9 гектар жер бөлігі Тараз қаласының әкімшілік шекарасына қосылады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Сондықтан Тараз қаласының әкімдігі және Тараз қалалық мәслихаты өкілдері "Байзақ, Жамбыл аудандары аумақтарынан Тараз қаласы аумағына жер учаскелерін алу және Тараз қаласының шекарасын өзгерту туралы" бірлескен қаулысына қол қойды.

Бүгінгі таңда Тараз қаласы 11 аумақтық округке бөлінген. Қалада 429 мың адам тұрады.

Биыл Тараз қаласының шекарасы кеңейеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.