Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек

Опубликовано:

Папка ұстаған қызметкер
Папка ұстаған қызметкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының нормалары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қамтиды. Бұл туралы Парламент мәжілісінің Telegram-арнасы хабарлады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың айтуынша, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы Конституциялық Соттың 2023 жылғы 6 наурыздағы нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.

"Конституциялық Сот азамат Арғымбаевтың "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 16-бабы 3- тармағының 6-тармақшасына Конституцияға сәйкестігі туралы өтінішін қарады. Бұл норма мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған азаматтарды үш жыл бойы мемлекеттік қызметке қабылдауды шектейді. Бұл ретте мемлекеттік қызметке осындай тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған азаматтар өмір бойы жіберілмейді", - деді ол.

Агенттік басшысының сөзінше, Конституциялық сот азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін қорғау мақсатында қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін екенін айтты.

Конституциялық сот пікірінше, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтардың жағдайы теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылғандардың жағдайымен салыстырғанда жеңілірек.

Мемлекеттік қызмет туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 6-тармақшасының ережелері азаматтардың констиутциялық құқықтарына қысым жасауға әкеп соғады. Әділдік, пропорционалдық және мөлшерлестік талаптарына сай келмейді.

Заң жобасы "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 16,59,61 және 61.1 баптарына түзетулерді қамтиды.

Конституциялық Сот "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңының мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне шексіз тыйым салуды белгілеу бөлігін Конституцияға сәйкес емес деп таныды.

Бұл орайда Конституциялық Сот заңда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің сай келмейтінін атап көрсеткен.

Бұл ретте Конституциялық Сот кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген теріс себеппен өкілеттігін тоқтатқан судья өзге де салаларда, соның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063430-zumystan-bosatylgan-memlekettik-qyzmetkerlerge-tagy-bir-mumkindik-berilmek/

pixel