Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қансырап көмек сұраған қызға сенбеген ТЖД қызметкері сотталды

Опубликовано:

Сот залынан
Сот залынан. Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде өлім ауызында жатқан қыздың шақыруын ойын деп санаған төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері сотталды. Ер адам 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі сот залынан.

Ақтөбеде Қылмыстық кодекстің 371-бабының 1-бөлігі Салғырттық бойынша айыпталған төтенше жағдайлар қызметі қызметкеріне қатысты атышулы сот процесі аяқталды. Ер адам 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Сондай-ақ моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге өтемақы төлеуі керек.

Іс материалдары бойынша Ақтөбеде 29 наурызға қараған түні Жеңіс даңғылындағы пәтерде қанды оқиға болған. Қылмыскер үй иесі мен оның кәмелетке толмаған ұлын пышақтап өлтірген.

Әйелдің 13 жастағы қызы айқау-шудан оянып кеткен, кейін ер адам оны да өлтірмек болып, тұншықтырған. Ұрып, мойнына пышақ жарақатын салып, кейін қылмыскер үйден қашып кеткен. Жасөспірім есін жиып, қасында қайтыс болған ағасын көрген.

Қыз телефоннан автоматты SOS қоңырауын соққан. Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші қызметкері телефон арқылы жағдайды айтқан.

Алайда төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері бұл жағдайға мән бермей, бұл баланың ойыны деп ойлап, жедел жәрдем шақырмаған.

Жасөспірім екінші рет қоңырау шалғанымен, қоңырау қабылданбаған. Тек үшінші қоңырауынан кейін сол қызметкер жедел жәрдемге хабарласып, тиісті мекенжайға жөнелткен.

Тергеу мәліметінше, бұл кезде бірінші қоңыраудан бері 55 минут өткен. Осы уақыт бойы 13 жастағы оқушы қыз қатты ауырып, қайта-қайта есінен танған.

Сотталушының өзі қылмысқа кінәсін мойындамады. Соңғы сөзінде ол ақтауды сұраған. Оның айтуынша, қоңырау шалған адам түсініксіз сөйлеген. Мұның бәрі баланың ойыны деп ойлалағанын жеткізді.

"Б.А. Қылмыстық кодекстің "Салғырттық" бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 айға бас бостандығанан шектеу жазасы тағайындалсын. Осы уақыт аралығында пробациялық бақылауға алынсын",- деді судья.

ТЖД қызметкері өзіне тағылған айыппен келіспейтіні, қорғаушысы апелляцияға арыз түсіретінін айтты.

Қызметкерге қатысты үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2023 жылғы 29 наурызда таңертең Ақтөбедегі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде жедел-тергеу тобы 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының денесін тапқан еді.

Сонымен қатар марқұмның 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Әйел мен оның ұлын өлтірді деген күдікті сәуір айының ортасында ұсталды. Ол Ақтөбе қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол екі айға қамауға алынды, бірақ біраз уақыттан кейін ер адам түрмеде көз жұмған.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063447-aqtobede-qansyrap-komek-suragan-qyzga-senbegen-tzd-qyzmetkeri-sottaldy/

pixel