Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балалар кептеліп қалған мектептің директоры жұмыстан босатылды

Опубликовано:

оқушы
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің біріндегі оқушылар кептелісі түсірілген видео жарияланды. Бұл жайтқа білім басқармасы түсініктеме беріп, мектеп басшылығына қандай шара қолданылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Qumash Telegram-арнасы жариялады.

"Алматы мектебінде киім-кешек бөлмесіне бара жатқан жолда бастауыш сынып оқушылары кептеліп қалды. Кейбірі қабырғаға, енді бірі еденге жаншылып қалған", - делінген видео сипаттамасында.

Алматы қаласының білім басқармасы бұл жағдай №41 мектепте болғанын хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, жобалық қуаты – 870 орын.

Басқарма өкілдері бұл жағдай 27 ақпанда болғанын мәлімдеді.

"Екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар көп жиналды. Мұның себебі – сол күні оқушылардың киіну процесі дұрыс ұйымдастырылмауы.

Бұрын бұл мектепте мұндай жағдай байқалған емес. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқу процесін ұйымдастыруда бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры қызметінен босатылды", - делінген басқарма хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063458-almatyda-balalar-keptelip-qalgan-mekteptin-direktory-zumystan-bosatyldy/

pixel