Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұраныс түскен жоқ": министр отандық QazVAC вакцинасы қаншалықты сұранысқа ие екенін айтты

Жарияланған күні:

QazVac
QazVac. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Депутат Нұрлан Сатыбалдыұлы денсаулық сақтау министрінен отандық QazVAC вакцинасы қаншалық сұранысқа ие деп сұрады. Министр Ақмарал Әлназарова отандық вакцинаның ДДСҰ-дан берілген сертификаты жоғын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжіліс отырысына сілтеме жасап.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Коронавирус қайтадан өрши ме: министр жауап берді

Депутат Нұрлан Сатыбалдыұлы 2020 жылы Covid-19 індетінен елімізде 19 мың адам кайтыс болғанын айтты. Ол министрден бұл індетке қарсы біздің елде өндірілген вакцина қаншалықты сұранысқа ие екенін сұрады.

"Сұрағыңыз өте орынды. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан вакцинаға тиісті сертификат алынбады. GMP стандарттары бойынша, зауыттың екінші бөлігін салып болғаннан кейін ғана құжатымыз дайын болады.

Covid-19 кезінде форс-мажорлық жағдайда мұның бәрі жасалды. 5 млн-ға жуық вакцина дайындалды. Біз өз вакцинамызды Қырзғызстанға гуманитралық көмек есебінде жібердік.

Басқа мемлекеттерден сұраныс әлі түскен жоқ. Бірақ зауыттың потенциалы бар. Тек зауыт құрылысының екінші кезеңін күтіп отырмыз", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063467-suranys-tusken-zoq-ministr-otandyq-qazvac-vakcinasy-qansalyqty-suranysqa-ie-ekenin-aitty/