Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАӘ кеткен Ақмола облысының шенеунігі 1,2 млрд теңге жымқырғаны үшін сотталды

Опубликовано:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысы Целиноград ауданының жерглікті атқарушы органның бұрынғы басшысы 1,2 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Целиноград ауданының прокуратурасы автожол саласындағы тексеру нәтижелері бойынша Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрынғы басшысы және кәсіпкер 1,2 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлағанын анықталды.

Аудан прокуратурасы тіркелген 2 қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу Ақмола облысының прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді.

Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы қамауға алынды.

1,2 млрд теңгеден астам келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

"12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айрылды", - делінген хабарда.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063509-baa-ketken-aqmola-oblysynyn-seneunigi-12-mlrd-tenge-zymqyrgany-usin-sottaldy/

pixel