Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде байланыс саласында жеңілдетілген тарифтер енгізіледі

Опубликовано:

Смартфон
Смартфон. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс 28 ақпанда байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы заңнамаға енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Заң жобасында мүгедектігі бар адамдарға жеңілдігі бар тарифтер енгізу нормасы да қарастырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мүгедектігі бар адамдарды қолдау үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларының жеңілдікті тарифтер беру жөніндегі міндеттемелерін белгілейтін болады", - делінген құжатта.

Сондай-ақ құжатта 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін пилоттық жоба аясында StarLink және OneWeb геостационарлық емес жерсеріктерін пайдалана отырып, коммуникациялық технологияларды енгізудің арнайы регламентін енгізілетіні жазылған.

Пилоттық жобаның құқықтық және техникалық режимдерін байланыс саласындағы уәкілетті орган және Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын болады. Бұл шалғай ауылдардағы әлеуметтік нысандарды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063537-elimizde-bailanys-salasynda-zenildetilgen-tarifter-engiziledi/

pixel