Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт басшы, бес орынбасар бар": Алматыда жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесі қосылмағаны үшін кім жазаланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жер сілкінісі кезінде далаға шыққан алматылықтар
Жер сілкінісінен кейін далаға шыққан тұрғындар. Көрнекі фото: NUR.KZ

Төтенше жағдайлар министрлігі қаңтардағы жер сілкінісі кезінде ерте хабарлау жүйесі іске қосылмағаны үшін Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің арасынан кімдер жазаланғанын айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бөлімшелердің тиісті әрекет етпеуіне жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері бойынша 14 қызметкер, оның ішінде министрліктің төрт басшысы, сондай-ақ олардың бес орынбасары, бір ведомстволық бағынысты органның бір басшысы, аумақтық бөлімше басшысы мен оның орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің екі басшысына қатысты бұрын тағайындалған жазамен шектелді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Айта кетейік, мәжіліс кулуарында төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов Алматыда болған күшті жер сілкінісі кезінде ерте хабарлау жүйесі қосылмағаны үшін ТЖД қызметкерлері жазаланғанын айтты.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінісі тіркелді. ТЖД ақпаратынша, жер асты дүмпулерінің магнитудасы – 6,7. Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген.

Желіде тұрғындар жер сілкінісінен соң жаппай көшеге шығып жатқаны көрсетілген видеолар тарады.

Кейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар, сондай-ақ ғимараттардың қирауы туралы ақпарат келіп түспегенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063546-almatyda-zer-silkinisi-kezinde-dabyl-zuiesi-qosylmagany-usin-birnese-lauazymdy-seneunik-zazalandy/