Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда ауладан баланы ұрламақ болды: полиция ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Өкпелеп отырған бала
Бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Көкшетауда мектеп оқушысын ұрламақ болды деген ақпарат жарияланды. Жағдайға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Баланы ұрламақ болды деген ақпаратты Sinegor.kz Instagram парақшасы жариялады. Мұнда жағдайдың 27 ақпанда кешкі уақытта болғаны айтылған.

"Кеше Боровской ықшамауданында біздің ауладан баланы ұрламақ болды. Бұл шамамен сағат 19.00-20.00 кезінде, 54-үйдің жанында болды. Белгісіз біреулер екінші сынып оқушысын көлікке сүйреп апармақ болған. Бала дер кезінде құтқарылды. Қазір полицейлер баланы құтқарып қалған ер адамды іздестіріп жатыр", - деп жазады парақшада.

Посттың астында Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлайды", - деп жазды полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063551-koksetauda-auladan-balany-urlau-areketi-turaly-aqparatqa-zauap-berdi/

pixel