Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасын абайсызда өлтірген Павлодар тұрғынына шыққан сот үкімі қайта қаралды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сот өз анасын абайсызда өлтірген Павлодар тұрғынының үкімін қайта қарады. Қайғылы оқиға былтыр жазда болған, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Павлодар қаласының тұрғыны абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін (қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі) сот алдында жауап берді.

Іс материалдарындағы мәліметке сүйенсек, оқиға 2023 жылдың шілде айында орын алған. Ер адам анасымен және бірге тұратын кісімен алкогольдік ішімдік ішеді. Осыдан соң анасымен жанжалдасып, оны ұрып-соғып, басына және денесіне жұдырықпен соққы жасаған.

Осыдан кейін ер адам мен серіктесі соққыға жығылған әйелді төсекке жатқызған. Алайда көптеген жарақат салдарынан соққыға жығылған әйел қайтыс болды.

"Павлодар қаласының N2 сотының үкімімен ер адам қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті жаза ретінде 9 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық заңнаманы қолданып, жазадан "Ерекше қатыгездікпен" деген саралау белгісі алынып тасталды. Оның орнына "Кінәні мойындау және басқа да жеңілдететін мән-жайларды" ескере отырып, жаза 6 айға қысқарды. Яғни, ер адамға 9 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы күшіне енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063580-anasyn-abaisyzda-oltirgen-pavlodar-turgynyna-syqqan-sot-ukimi-qaita-qaraldy/

pixel