Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көше тазалаушысына тиіскен сәті желіге тараған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

Көше тазалаушы мен жүргізуші
Көше тазалаушы мен жүргізуші. Видеодан кадр: КТК арнасы

Әлеуметтік желіде көшеде қар күреген жұмысшыға тиіскен ер адамның видеосы тараған болатын. Елорда полициясы күдіктіні анықтап, бес тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, алпысты алқымдаған аула сыпырушысы сес көрсеткен жігітке қатысты арыз түсірмеген. Дегенмен әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен бұл видеода күннің суығында көше тазалап жүрген жұмысшыға ер адамның тап бергені анық көрінген.

КТК арнасының мәліметінше, елорда тұрғынын полицейлер бірден қолға түсірген. Кейіннен жәбір көрген жұмысшының да жұмыс уақытысында ішімдік пайдаланғаны анықталып, видеодағы екі адам да әкімшілік жауапқа тартылды.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бүгін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.

Жұмыс орнында мас күйінде болған жұмысшы да жауаптылыққа тартылды. Оқиғаның орын алуына аула сыпырушысының аталған жүргізушінің әйелін балағаттауы себеп болған", - деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Эльмира Шауленова. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063597-astanada-kose-tazalausysyna-tiisken-sati-zelige-taragan-er-adam-5-taulikke-qamauga-alyndy/

pixel