Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен шымкенттік тұрғынды ұстады (видео)

Опубликовано:

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен шымкенттік тұрғынды ұстады
Күдікті ұсталды. Фото: ҰҚК ресми сайты

ҰҚК прокуратура органдары және полицияның көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды құзырлы орган ресми сайтында.

2024 жылғы 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деп күдікке ілінді.

Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған адам ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.

"Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарда.

Еске салайық, ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында арнайы операция жүргізіп, тұрып жатқан баспанасын есірткі зертханасына айналдырған тұрғындар ұсталған болатын.

Сондай-ақ ҰҚК арнайы операция жүргізіп, 8 қылмыстық топтың мүшелерін қамауға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063638-uqk-symkentte-aleumettik-zeli-arqyly-terrorizmdi-nasixattady-degen-kudikpen-turgyndy-ustady/

pixel