Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уақыт белдеуінің өзгеруі ел экономикасына қаншалықты әсер етеді: вице-министр жауап берді

Жарияланған күні:

Үстел үстіндегі планшет. Көрнекі сурет
Үстел үстіндегі планшет. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу Қазақстан экономикасына әсер етіп, шығын келтіруі мүмкін бе деген сұраққа ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Вице-министрдің айтуынша, уақыт белдеуің өзгеруі бизнеске айтарлықтай шығын келтірмейді.

"Сауда министрлігіндегі әріптестеріміз бұл мәселені егжей-тегжейлі қарап жатыр, олар талдау жүргізді. Бұл сұраққа сол әріптестеріміз толығырақ жауап бере алады деп ойлаймын. Бизнес үшін айтарлықтай шығын болмайды деп есептейміз. Керісінше, тұтынушылар тарапынан уақытқа байланысты кедергілер болуы мүмкін.

Ал, еліміздің барлық өңірінде жұмыс күні бір уақытта басталса, бизнесте оң нәтиже болады. Ал мемлекеттік қызметтерді алуға байланысты барлық рәсімдер бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады.

Жалпы, бизнес үшін пайдалы тұстары бар деп ойлаймын",- деді вице-министр.

Айта кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуіне байланысты тұрғындарға білуі керек кеңестер тізімін жарияладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063665-uaqyt-beldeuinin-ozgerui-el-ekonomikasyna-qansalyqty-aser-etedi-vice-ministr-zauap-berdi/